Оқу жылы басталғалы 2-сыныптың ата-аналары «қыркүйек» айының жазылуына бастары қатып жатыр. Себебі, жаңа оқулықтағы ай атында «к-нің» орнын «г» басқан деп хабарлайды 31 арна.
Бұл кітапта «көГөніс», «шеГара» деген қателер де бар. Осындай ережелерді бекіткен оқулық «Гризонт» баспасынан жарық көріпті.
Лингвист Анар Фазылжанова сөздер қалай айтылса, солай жазылуы тиіс деген ойда.
Ал мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен бұл өзгерістің ақылға қонбайтынын айтады.
«Қыркүйек» бұрыннан «қыркүйек». Солай боп қала береді. Балалардың басын ауыртпайық. Онсыз да ҰБТ-мен миларын ашытамыз», - дейді ол.