$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте «Үздік ауыл шаруашылығы маманы-2019» қалалық байқауы ұйымдастырылды

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №10 колледжде кәсіби-теориялық білімді практикалық тұрғыдан жетілдіру, техникалық құрылғылармен жұмыс істеуде студенттердің дағдыларын дамыту, талантты студенттерді анықтау және әлеуметтік серіктестердің назарын аударту мақсатында «Үздік ауыл шаруашылығы маманы-2019» қалалық байқауы өтті.

Сайысқа әлеуметтік серіктестік өкілдері мен жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығының мамандары, ұстаздар мен студенттер қатысты. Жарыс барысында қатысушылар ауыл шаруашылығы көліктерін жөндеуді, агрономдық һәм механикалық тапсырмалардың модульдерін орындауды және оны іске қосуды жүзеге асырды. Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, тиісті сыйлықтарын табыс етті. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың ауыл шаруашылығы мамандығының мәртебесін көтеріп, салаға таңдау жасаған мамандардың қатарын қалыңдатуға септігі тиерін айтады.  

Айта өту керек, ауыл шаруашылығы мамандықтары бүгінгі еңбек нарығында зор сұранысқа ие. Сол себепті Шымкент қаласының білім басқармасы тарапынан бұл мамандықтарға деген мемлекеттік тапсырыс көлемін мүмкіндігінше көбейту жоспарланып отыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары