Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақпараттық технологиялар орталығы АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Шымкенттегі филиалы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің мамандарымен бірлескен түрде 130 мектепте 10000 (он мың) қала тұрғындары дәріс алуда. Оқыту вэб-порталы арқылы 4 бағытты қамтып, онда электронды мемлекеттік қызметтерді пайдалану тұстары айтылады. Атап көрсетсек, олар: «Базалық дағдылар»,«Е-коммерция» «Ашық үкімет порталы», «Электронды үкімет».
Қазіргі таңда 130 мектеп базасы 4 М/с жылдамдықпен жұмыс істейтін жоғары интернет желісіне қосылған. 1490 компьютер қызмет көрсетеді. Е-gov, Ашық үкімет, Электронды үкімет электронды порталдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«SN.kz»-ақпарат.