Бүгін, 1 қыркүйек – еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау! Оқушыларды ұстаздары қарсы алып, салтанатты жиын өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Білім министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мектептеріндегі алғашқы қоңырау жексенбі күні 1 қыркүйекте соғылады. Алғашқы қоңыраудан кейін сабақ болмайды. Оқу дүйсенбі, яғни 2 қыркүйектен бастап өткізіледі.
Биыл елімізде алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды.
Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерде 3 млн-нан астам оқушы оқуын жалғастырады.