$ 494.87  520.65  4.91

Танымал тұлғалар оқыған: Ш. Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназиясына – 95 жыл

Бұл білім ордасы – Күләш Байсейітова, Әбілхан Қастеев, Шара Жиенқұлова, Нұрғиса Тілендиев, Смағұл Елубай сынды түлектерімен танымал.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мектеп оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, Ш. Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназияға Қажымқан Мәсімовтің «Аманат» атты кітабын сыйға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, қоғам қайраткері Қажымқан Мәсімов аталмыш мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған.

«Қажымқан Мәсімов мектептің мұқтаж оқушыларына, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға, ұжымға қолынан келгенше көмек көрсетті. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп, ауыр кезеңдерді басынан кешкен. Қажымқан Мәсімов отбасы, өзінің замандастары мен өмір сабақтары туралы сыр шертетін «Аманат» атты автобиографиялық кітапты жарыққа шығарды. Оның өмір жолы өскелең ұрпақ үшін үлгі деп ойлаймын», – деді әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ, әкім орынбасары мектепті 95 жылдығымен құттықтады. Кәрім Мәсімовтің әкесін қоспағанның өзінде, бұл білім ордасы – Күләш Байсейітова, Әбілхан Қастеев, Шара Жиенқұлова, Нұрғиса Тілендиев, Смағұл Елубай сынды түлектерімен танымал.

Мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Жанат Бекжановтың мәліметінше, биыл оқу мекемесінің табалдырығын алғаш рет 154 бала аттап отыр. Қазіргі таңда онда 1800-ден астам оқушы білім алуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары