$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегіне» – 125 жыл

Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің шығармаларын әлем тілдеріне аудару жөнінде ұсыныс жасалып, олардың әдеби мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша пайымдау мақсатында ғылыми жобалар әзірлеу мәселесі қарастырылды.
фото: kazaknews.kz
фото: kazaknews.kz

Алматыда қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай өтетін «Үш бәйтерек мұраты және әдеби дәстүр сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараны ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған.

Жазушы, ақын, драматург, публицист Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын рухани жаңғыру контексінде әрі филологиядағы соңғы парадигмалар тұрғысынан қарастыру және көпшілікке насихаттауды мақсат еткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға әдебиет пен ғылымда жүрген мамандар қатысып, баяндама жасады. Атап айтқанда, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Кенжехан Матыжанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Асылбекұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Күләш Ахметова, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Ананьева қатысып, баяндама жасады.

Сонымен қатар, жас әдебиетшілерге де сөз берілді. Қазақ әдебиетін жаңаша зерттеп, жаңа көзқарас қалыптастырып жүрген жас әдебиетшілер де баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Олардың қатарында фольклортанушы Дүйсенгүл Жақан, әдебиеттанушы Елдос Тоқтарбай, жазушы-драматруг Әлібек Байбол, әдебиет сыншысы Бағашар Тұрсынбайұлы және Айнұр Ахметова бар.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция соңында қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің шығармаларын әлем тілдеріне аудару жөнінде ұсыныс жасалып, олардың әдеби мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша пайымдау мақсатында ғылыми жобалар әзірлеу мәселесі қарастырылды.

Сонымен қатар, зерттеушілер ұлт әдебиетінің алыптарына айналған шығармашыл тұлғалардың түрлі жанрдағы зерттеу еңбектері жайында ой-тұжырымдар ұсынды. Олардың жеке көркемдік ұстанымдарын анықтау, әдеби-көркем және ғылыми мұрасына қатысты зерттеу жұмыстарымен танысу, туындыларындағы негізгі тақырыптардың бейнелену жолдарын жаңа ғылыми парадигма аясында талдау, отандық фольклортану мен әдебиеттануды дамытуға қосқан үлесін саралау, шығармаларын шет тіліне аударудың маңызын бағамдау, насихаттау жұмыстары талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары