$ 443.85  474.3  4.8

ШҚО-да өнертапқыш оқушы өрт қауіпсіздігі жүйесін ойлап тапты

Сондай жетістіктері үшін білім ордасы өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы үздік мектеп болып табылып, ұжым 34 миллион теңгенің сертификатын иеленген.

Шығыс Қазақстан облысында 9-сынып оқушысы автоматтандырылған өрт қауіпсіздігі жүйесін ойлап тапты. Самар ауылында тұратын өнертапқыш бала бұл жобасын облыстық стартап байқауында ұсынып, жеңімпаз атанған. Оған сыйлық ретінде 368 мың теңге грант табысталған. Қазір оқушы өз жобасын одан әрі жетілдірумен айналысып жатыр екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Жалпы, Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейде 435 оқушы бар. Олардың көбі – осындай аймақтық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері. Сондай жетістіктері үшін білім ордасы өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы үздік мектеп болып табылып, ұжым 34 миллион теңгенің сертификатын иеленген.

«Көбіне адамдар пеш жағады және пеш ашық қалуы мүмкін. Өрт шыққан жағдайда температура сенсоры оны сезеді. Яғни, GSM модулі адамға хабарлама жібереді. Яғни, СМС келеді ересек адамға. Сосын ол өрт сөндіру жүйесіне келіп қарайды», - дейді жас өнертапқыш Әлімжан Әшімов.

Ал Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің директоры Баян Багисова өздерінің тренажерлік кабинет ашпақ болғандарын жеткізді. Оған қоса, лингафон кабинетін де қажетсініп отыр екен.

Тағы оқи отырыңыз: Семейлік оқушылар «домбыраның құлағында ойнайтын» робот ойлап тапты

Үй есігін кілтсіз ашу үшін телефоныңызға арнайы қосымша орнатуыңыз керек - жас өнертапқыш

Атыраулық жас өнертапқыш кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты

Мектеп оқушысы тоқпен жүретін шынжыр табанды трактор ойлап тапты

«Еңбекке құмарландырып, шабыттандыру үшін еңбек кабинетін, балаларымыздың ғылыми жобаларда жоғарғы көрсеткіштері көбейгеннен кейін оқушыларға арналған лабараторияларды жасамақпыз. Әрине, қазіргі таңда жаңа технологияларды көбірек пайдалануға көп көңіл бөлудеміз», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары