$ 447.4  477.55  4.76

«Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз»: БҒМ Skifnews.kz-те көтерілген мәселені ескерді

Мақаламызда еліміздегі мектеп оқушыларына сабақты телеарналар арқылы өткізу ұсынылған болатын. Осы орайда, Асхат Аймағамбетов сол мәселеге кеңірек тоқталған екен.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Біз таяуда ғана «Онлайн сабақтарды дайын платформада өткізу – утопия»: педагог министрлерге үндеу жолдады» деген тақырыппен «Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігі тобының жетекшісі Мейіржан Темірбектің билікке айтқан базынасын жариялаған едік. Бүгін БАҚ сынымен санасып, үнемі жедел шараны қолға алуға тырысып жүретін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіндік реакциясын білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ақпарат құралдарынан қашықтан оқытатын түрлі платформалар туралы қарама-қайшы жазбаларды көзім шалып қалды. Білім берудің әр деңгейі үшін түрлі оқыту жүйелері ұсынылуда» деп бастаған ол, facebook парақшасындағы жазбасын. Осылайша, өзі қашықтан оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысын түсіндіре кетуді жөн санапты.

Жоғарыда аталған мақаламызда еліміздегі мектеп оқушыларына сабақты телеарналар арқылы өткізу ұсынылған болатын. Осы орайда, Асхат Аймағамбетов сол мәселеге кеңірек тоқталған екен.

«Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті.

Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет», – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанмен, ол кейде әртүрлі тәсілдер мен шешімдерді қабылдауды қажет етеді. Сондықтан министрлік 5 сәуірге дейін ақпараттық жүйелерді дайындап үлгеруге тырысуда.

«Оларды тиісті контентпен қамтамасыз етіп, сынап көруіміз қажет. Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап қажет болған жағдайда жаңа форматта сабақ алуға бейімдеуге тиіспіз. Оқушылармен, студенттермен, ата-аналармен және педагогтармен бірігіп, қашықтан оқытудың сапалы жүйесін құра алатындығымызға сенімдімін. Ең бастысы, біз әрдайым кері байланысты, ұсыныстар мен тың идеяларды қуана қабылдауға дайынбыз», – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары