$ 444.22  476.38  4.82

Қызылордалық ғалымдар дәрі-дәрмектер қоспасынан антисептикалық сұйықтық жасап шығарды

Антисептикалық әсері кемінде 1 сағат сақталады. Медициналық маскаға сеуіп, кептіріп киюге де болады.

Қызылордалық ғалымдар коронавирусқа қарсы антисептикалық сұйықтық ойлап тапты. Бұл жөнінде қызылордалық ғалым Нұрбол Аппаз мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы химиялық зерттеулер және технологиялар институтының ұжымы антисептикалық (вирусқа және бактерияға қарсы) сұйықтық әзірлеп шығарды. Осылайша, ғалымдар COVID-19 коронавирусы пандемиясына қарсы іс-әрекетке өз үлесін қосты.

Сұйықтық хош иіске ие, қолды кептірмейді, керісінше, ылғалдандырады. Антисептикалық әсері кемінде 1 сағат сақталады. Медициналық маскаға сеуіп, кептіріп киюге де болады. Құрамы: этанол, глицерин, дист.су, эфир майлары», - деді Нұрбол Аппаз.

Антисептиктің әр флаконы 30 миллилитрге арналған. Оны 20 күнге дейін пайдалануға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары