$ 448.15  483.46  4.86

Аттестациядан өткен мұғалімдердің айлығы көбейеді (ВИДЕО)

Жалпы 92 мың оқытушы сынақтан өтуге ниет білдірген.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Елімізде мұғалімдердің білімі мен біліктілігін саралайтын аттестация өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап. 

Бір аптада 14 мың ұстаз тест тапсырды.

Жалпы 92 мың оқытушы сынақтан өтуге ниет білдірген. Тестілеу 15 тамызға дейін жалғасады. Мұғалім өзіне ыңғайлы уақытта онлайн өтініш беріп, сынақ тапсыратын күнді белгілейді. 

Тесттің бірінші кезеңінен өткен адам келесі сынаққа жолдама алады. Екеуінен де өтсе, педагогтардың жалақысы 30-50 процент өседі, ал директорлар мен орынбасарлардың ай сайынғы айлығына 100 процентке дейін үстемеақы қосылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары