Білім & Ғылым 06.09.2021 сағат 13:00

«Қуанатын жағдай емес»: Қоғам белсендісі 1-сыныпқа барған балалардың көбеюі туралы ойын айтты

Аятжан Ахметжанұлының айтуынша, елімізде ішкі көші-қон қарқынды түрде жабайы миграцияға айналып кетті.
«Қуанатын жағдай емес»: Қоғам белсендісі 1-сыныпқа барған балалардың көбеюі туралы ойын айтты
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Білім саласына қатысты ойын ашық айтып жүрген қоғам белсендісі, білікті педагог Аятжан Ахметжанұлы еліміздің мектептерінде 1 «Ы», «Ю» - сыныптарының ашылуы жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында пікір білдірді. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназияның директоры, химия ғылымының PhD докторы Аятжан Ахметжанұлының айтуынша, бұл тенденция аса қуантарлық жағдай емес. 

«1 «Ы», «Ю»  сыныптарының ашылуы, әрине, қуантарлық жағдай емес. Ол екі түрлі нәрсенің көрінісі. Біріншіден, бір мектепке 700-800 оқушының бірінші сыныпқа баруы мектеп жетіспеушілігін білдіреді. Себебі бірінші сыныпқа 600-700 бала баратын мектептің сыйымдылығы кемінде 6000-7000 бала болуы керек деп ойлаймын. Өйткені 11 сынып бар. Ал ондай үлкен мектептер бізде жоқ. Біздегі мектептердің ең үлкені 2000 балаға арналған. Екіншіден, дәл бір жерде «Ы», «Ю» сыныптары ашылып жатқанмен, шыны керек, бір жерде мектептер жабылу алдында тұр», - дейді ол.

Ұстаздың айтуынша, елімізде ішкі көші-қон қарқынды түрде жабайы миграцияға айналып кетті. 

«Бізде тек қана үш қалаға топтасу науқаны қатты. Иә, урбанизация әлемдік деңгейде жүріп жатқаны рас. Бірақ бізде урбанизация Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент мегаполистерінің айналасында жүріп жатыр. Бұл жабайы миграция болашақ емес қазірдің өзінде облыстардың, моноқалалардың, ауылдардың босауына алып келіп жатыр. Дәл қазіргі қарқынмен кете берсек 2025 жылы еліміздің 60% халқы Астана, Алматы, Шымкент үш қалаға шоғырланып қалады. Ауылда қаншама мектеп жабылып жатыр. Сондықтан Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда параллель сыныптардың көп болуы қуантарлық жағдай емес», - дейді Аятжан Ахметжанұлы. 

Қоғам белсендісі аталмыш мәселенің шешімін де атап өтті. 

«Сапалы, жабдықталған мектептерді Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана емес, кіші қалалар мен аудан орталықтарына да салу керек. Біздің елде моноқалалар мен мегаполистер арасындағы білім көрсеткіштеріндегі айырмашылық өте үлкен. Сол үшін сапалы мектептерді аудан орталықтарынан, кішігірім қалалардан салған кезде білім іздеген жұрт астанаға емес, сол моноқалалардың өзіне көшеді. Ешкім баласының сапасыз білім алғанын қаламайды. Баласы үшін ата-ана барын салады. Бүкіл облыстардың моноқалаларында, аудан орталықтарында BINOM мектептері негізінде салынған, бастысы материалдық жабдықталған мектептер салынуы керек. Білікті мұғалімге жұмыс істейтін қолайлы орта, материалдық жағдай жасау маңызды», - дейді ұстаз. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар