$ 444.22  476.38  4.82

Қыркүйекте Астанада жаңа 6 мектеп ашылады

Астанада әрқайсысы 1200 орындық 6 мектеп ашылатын болды. Осылайша пайдалануға берілетін жаңа білім мекемелері 8 мыңнан астам оқушыны мектеппен қамтымақ, деп хабарлайды skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, жыл соңына дейін Астанада 8 мектеп ашылады деп жоспарлануда.

— Оның алтауы қыркүйек айында тапсырылмақ. Жаңа мектептер Сейфуллин көшесі мен қаланың сол жағалауында орналасқан, — дейді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.

Жалпы, қаладағы қалған 71 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталған. Естеріңізге саламыз, Астанада 83 мектеп бар. Оның 71 мемлекеттік, қалған 12 жеке меншікті мектеп. Онда 94 712 оқушы білім алады.

Сонымен қатар, аталған мекеменің хабарлауынща, жыл соңына дейін Астанада әрқайсысы 240 орындық 10 балабақша пайдалануға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары