Қоғам 06.05.2018 сағат 06:07

Алматыда сутенердан қашып шыққан қызды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видеороликте жас қызды ондаған адамның қоршап тұрғанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, бұл қыз жеңгетайларынан қашып шыққан жезөкше көрінеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен Саяхат автовокзалының маңында жүріп келе жатқан көліктен секіріп түсіп қалған. Сол сәтте оны артта келе жатқан екінші көлік қағып кетіпті. Соған қарамастан жараланған қыз сол жердегі базарға дейін жүгіріп барып, қарауылдардан көмек сұраған екен. Ал, көліктен түскен тағы бірнеше адам оны қуып келіп, күзетшілердің қолынан тартып әкетпек болған. Өздерін олар қыздың "әпкесімін", "ағасымын", "туысымын" деп таныстырыпты. Алайда, бойжеткен оларға барғысы келмейтінін ыммен жеткізген, қатты қорыққанынан ол сөйлей де алмай қалған көрінеді.

"Қыздың бар түсіндіруі бойынша, құлдықта 4 жыл болған, ол жерде қыздар көп дейді. Жеңгетайлары қырғыз. Жоғарғы басшылармен де байланысы бар, бір сөзбен айтқанда тіс батпайтын, заң өтпейтін дөкей", - дейді видеоны Facebook әлеуметтік желісіне жүктеген Суйениш Мухамед Али есімді қолданушы.

Оның айтуынша, оқиға күні кеше, яғни 5 мамыр күні сағат 17:00 шамасында болған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар