$ 448.15  483.46  4.86

Рамазанда қайырымдылық жасағысы келген жігіт құрт сатып отырған қартқа қалтасындағы бар ақшасын ұстатып кетті (ВИДЕО)

Бүгін Рамазанның 25-күні. Күллі мұсылман жамағаты осы бір қасиетті айда садақа беріп, сауап жинап жатады. Садақаның ішінде оның жария түрін жасаған жігіт құрт сатып отырған әжейге қалтасындағы бар ақшасын беріп кетті.

Ер адам 3 құртты 200 теңгеден сатып отырған әжейдің жанына келіп, қолына 1000 теңгелік купюраларды ұстатады. Қарт ақшаны не үшін беріп жатқанын сұрап, таң қалады. Жігіт болса, рамазан айында қайырымдылық жасағысы келгенін айтады.

4 мың 400 теңгені ұстаған әжейдің «өзіңе ше? Өзіңе қалмады ма?» деп жігіттің де жағдайын алаңдап тұрғаны көрінеді. Ер адам болса, өзінің жас екенін айтып, сатып тұрған 10 шақты құртын мешіт алдына тегін таратуын өтінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары