$ 478.93  534.96  5.16

Ардагер-мұнайшы Сағындықов Өрен Маңғыстау халқына үндеу жасады

Әр түрлі пікірлер, әр түрлі әнгімелер айтылып жатады, сол әнгіменің барлығына араңдап қалмай,  еріп кетпей, ақылменен ойланып барып шешу керек деп ойлаймын.
Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау өңіріне белгілі ардагер-мұнайшы Сағындықов Өрен атамыз Маңғыстау халқына өз үндеуін жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Қадірлі, балаларым! Қазір мына болып жатқан жағдай  бәрімізді елеңдетіп отыр. Мен осы мұнай саласында көп жыл жасаған ардагер ретінде айтар ақылым - ондай  сұрақтарды барлығымен келіссөз жасап отырып жасауға болады. Ел арасында   әр түрлі әнгімелер бар, анығын ашпай, ермей, тек  тыныштықты күтіп, ақылымен жұмыс жасап, ақылымен ойланып жүргендеріңізді тілейміз. Әр түрлі пікірлер, әр түрлі әнгімелер айтылып жатады, сол әнгіменің барлығына араңдап қалмай,  еріп кетпей, ақылменен ойланып барып шешу керек деп ойлаймын. Амандықта болайық!», - делінген ардагер-мұнайшының үндеуінде. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары