$ 478.93  534.96  5.16

Тоқаев еліміздің дамуы жөнінде кеңес өткізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
Фото: PressFoto
Фото: PressFoto

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді, - деп хабарлайды Ақорда.

Жиынға премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары