$ 478.93  534.96  5.16

«Феминизм, ЛГБТ қозғалысының түпкі мақсаты - ел тұрақтылығын шайқалту» -  зиялы қауым өкілдері

Бар мақсаты - адам баласын жою.
фото: national press club
фото: national press club

«Қазақстандық Ата-Аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Балтабаева Бағиланың ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті. Жиында соңғы кездері үлкен мәселе болып отырған феминисттік бағыттағы шерулер мен минитингілер жайы сөз болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, феминизм қозғалыстардың артында ЛГБТ секілді астыртын ұйымдар тұруы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Соңғы жылдары еліміздің бас қалалары Астана мен Алматыда феминисттік ұйымдар шеру мен минитингтер өткізіп жүр. Әкімшіліктен рұқсатты әйел құқығы, бала құқығы, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбымен алып, бірақ іс жүзінде түрлі түсті жалауды жамылып, жас жеткіншектерді жинап, астыртын ЛБГТ ұйымын насихаттайды. Әсірефеминизм астыртын келген жаумен тең. ЛГБТ, феминизм қозғалысы - қой терісін жамылған қасқыр іспетті», - дейді «Қазақстандық Ата-Аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Балтабаева Бағила.

Белгілі журналист-жазушы Марат Тоқашбаевтың айтуынша, бүгінде елімізде біржыныстылықты насихаттау ашық жүріп жатыр. Әрі олардың басты мақсаты  -  адам баласын жою.

«Осы мәселемен мен 7-8 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Әлеуметтік желіде талай мақала жазып, посттар шығарып жүрдік. Мұның бәрі жас ұрпаққа әсер етпей қоймайды. Дүниежүзінде ғалымдардың зерттеуінше, табиғи ауытқушылығы басым болып, әйелдерде еркектің, еркекте әйелдің гармондары басым дертке ұшыраған адамдардың саны небәрі 4-5% болады екен. Ал қалған жағдайларда іс жүзінде зорлық-зомбылықтың нәтижесі. Бүкіл дүниежүзіндегі лгбт қауымдастығының ұстанып отырған саясатының ешқандай тарихи мән-маңызы жоқ. Бар мақсаты - адам баласын жою. Ер мен әйелден жаңа ұрпақ, жаңа буын пайда болады. Ал біржыныстылардың әрекетінде тән рахатынан басқа ештеңе жоқ. Дінімізге де қарсы нәрсе», - дейді жазушы.

«Феминисттік ұйымдардың жылда 8 наурызда өткізетін митингтерінің көздегені не?» деген тақырыпта өткен жиынға Әмір Мәуленов, Айдос Оразай секілді зиялы қауым өкілдері, блогерлер мен журналистер қатысты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары