$ 441.58  480  4.86

Атырауда 23 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кетті (ВИДЕО)

Әйел адам ТЖД-нің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.

Атыраулық полицейлер көпірден секірген 23 жастағы азаматшаны құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"26 сәуір күні сағат 15:48 шамасында ЖБО қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмекші болған әйел адамды байқап, дереу Патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген. Суға секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 ж.т. азаматшаны полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов және Мұратбек Белекен суға секіріп, қайыққа шығарған. Оларға көмекке Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев келген", - делінген полиция хабарламасында.

Судың қатты ағысына қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде азаматшаның өміріне араша түскен. Әйел адам ТЖД-нің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары