$ 498.34  519.72  4.85

Өртті тоқтататын бастапқы сәтті жіберік алдық – Роман Скляр

ТЖМ мен орман шаруашылығы техникасын жаңартамыз. Біз бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді жоспарлап отырмыз.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Абай облысындағы өрт үшін кім жауапты?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Резерват Экология министрлігінің ведомствосында болды. Астана халықаралық форумы өткен күні түстен кейін өрт шықты. Оның ауқымын жете бағалай алмадық. Секундына 28 метр қатты жел мен + 38 градус температурада жоғары беткейде өрт тез тарады», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ тілшілер вице-премьерге өрт сөндірушілер қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын, цистерналарды тот басқанын, жолдың салынбағанын айтты.

«Алдағы уақытта біз шешетін бір топ мәселе бар. ТЖМ мен орман шаруашылығы техникасын жаңартамыз. Біз бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді жоспарлап отырмыз.

Апат орнында да жағдайды жеткілікті бағаламағаны анық. Өрт өте тез тарағандықтан осындай оқиға орын алды. Адам өліміне келетін болсақ, бұл – өте қайғылы жағдай. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр және бізге толық жауап береді. Жағдай көрсеткендей, өртті ауыздықтауға болатын бастапқы сәтті жіберіп алдық», - деді Роман Скляр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары