Мәжіліс алаңында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов құқық қорғау органдары қызметкерлері төтенше жағдайлар жөніндегі экс-министр Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіліп жатқанын сұрады.
"Президент бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегі - төтенше жағдай, адамдар қаза болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеріс болады. Неліктен дер кезінде шара қолданбады? Мүмкін немқұрайлық, қызметтік міндеттерін орындамау", - деді А.Ахметжанов.
Өрттің ықтимал себептеріне тоқталған ішкі істер министрі әртүрлі нұсқалар зерттеліп жатқанын айтты.
"Өрт қою, немқұрайлық, найзағай түсу деген нұсқалар бар. Сараптама және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді", - деп түсіндірді ІІМ басшысы.