$ 494.87  520.65  4.91

Журналистің ақиқаттан айнуға құқығы жоқ - Президент

Себебі ақиқат жолы – оңай жол емес.
Фото: Aқорда
Фото: Aқорда

Әр заманның айтар сөзі, көздеген мақсаты болады. Қалам ұстаған қауым жеке басының немесе бір топтың емес, елдің мәселесін көтереді. Бұл – өткен ғасырда «Қазақ» газетінің аясында ұйысқан Алаш зиялыларынан бастау алған ұлы миссия. Бұл пікірді Президент БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсыру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, аталған міндетті абыроймен атқару үшін әр журналистің бойында ізденімпаздық, жауапкершілік және табандылық болуы қажет.

«Себебі ақиқат жолы – оңай жол емес.

Ал журналистің ақиқаттан айнуға құқығы жоқ. Шындық пен шынайылық басты қағида болуы керек. Яғни, ақпарат арнасы адалдық алаңына айналуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Ол бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне көшкенін де атап өтті. Соңғы бір жылда қолға алынған реформалар саяси жүйені жетілдіріп, тың өзгерістерге жол ашты.

Мемлекет, медиа және қоғам арасындағы келісім Әділетті Қазақстанның берік іргетасына айналуға тиіс.

Бұл келісім ашықтық, сенім және адалдық қағидаларына негізделуі қажет. Әр азамат, әр маман өз ісіне адал болса, қоғамның сенімі артады. Ал сенім мен адалдық – Әділетті қоғамның басты құндылықтары», - деді Президент.

photo

photo

photo

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары