$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент әкімінің қызметінен кететіні рас па – әкімдік жауап берді

Әйтенов Шымкентті 2020 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерде Шымкентте қала басшысының  ауысқалы жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

"Бүгін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент әкімінің ауысуы туралы жалған ақпарат жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қазіргі уақытта мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов өз жұмысын жалғастыруда", – деп хабарлады әкімдік.

Айта кетейік, Әйтенов Шымкентті 2020 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді.

Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары 2 айға қамауға алынғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Шымкентте ТЖД басшысы ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары