Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Ол "Аqjaiyq" ӘКК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді, делінген хабарламада.
Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.
Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.