$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Түркияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастан бөлек, ағымдағы аймақтық және халықаралық оқиғалар талқыланады деп күтілуде.
Фото: Риа Новости
Фото: Риа Новости

Бүгін Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.   

Бұл - Хакан Фиданның министр болып тағайындалғаннан кейінгі Қазақстанға алғашқы іссапары. Ол елімізге Премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің шақыруымен келе жатыр. 

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастан бөлек, ағымдағы аймақтық және халықаралық оқиғалар талқыланады деп күтілуде.

Айта кетейік, Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен кейін қайтадан жасақталған Министрлер кабинетінде Хакан Фидан елдің Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ердоғанның сенімді серігі бұған дейін 13 жыл Ұлттық барлау агенттігін басқарған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары