Астанадағы Есіл аудандық №2 соты ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты қамауда ұстау мерзімін 12 мамырға дейін ұзартты. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ, Майлыбаевпен бірге ұсталып, қамауға алынған Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін басқарған Николай Галихин де 12 мамырға дейін тергеу амақтысында отыратын болады. Екеуінің қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді сот 7 наурызда шығарған.
Естеріңізге салайық, биыл 16 қаңтарда Бағлан Майлыбаевты ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері ұстаған болатын. Оған мемлекеттік құпияны жариялады деген айып тағылуда.