21.11.2023, 11:20

Президент осы аптада Минск пен Бакуге барады

Фото: Ақорда

23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Ақорданың желідегі ресми парақшасында Президенттің алдағы күндері қайда баратыны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

Ал 24 қараша күні Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.