Тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев 2005 жылы елде орын алған наурыз төңкерісі туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазды. Осыдан тура 12 жыл бұрын 24 наурыздағы оқиғаның қалай басталғанын ол өз көзімен көргенін айтып отыр.
"Мына топтағы адамдардың бәрі милицияны, ұлттық гвардияны, менің қызметкерлерімді соққыға жықты, намысын таптады. Осы уақытта менімен де, оппозициямен де байланыста болған бір адамдар маған қауіп төніп тұрғанын айтты. «Сіз елден кетуіңіз керек. Егер мыналардың қолына түссеңіз аман қалмайсыз» деді олар", – деп жазды Ақаев өзінің Instagram-парақшасында. Мұнан кейін президент елді тастап Ресейге қашып кеткен.
Ол сондай-ақ, өзінің 1990 жылы мемлекет басына қалай келгенін де есіне алды. Айтуынша, билік үшін емес, халықтың жағдайын реттеу, мемлекетте демократия орнату үшін Ақаев президенттіктен бас тартпапты.
Естеріңізге салайық, Қырғызстанды 15 жыл билеген Асқар Ақаев 2005 жылғы төңкерістен кейін елден қашып кеткен болатын. Қазір ол Мәскеуде тұрып жатыр, сол қалада жұмыс істейді деп жазады Zanoza.kg порталы.