Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың министрліктердің, әкімдіктер мен мәслихаттардың және т. б. қызметін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын шара.
«Қоғамдық бақылау туралы» Заң күшіне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңға сәйкес азаматтар түрлі нысандарда қоғамдық бақылауды жүргізу арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысатын болады.
Заң қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелері мен принциптерін белгілейді.
Заңның басты негіздерінің бірі – объектілердің, қоғамдық бақылау субъектілерінің заңдылығы, жариялылығы, ашықтығы, тәуелсіздігі сияқты бірқатар маңызды қағидаттарды бекіту болып саналады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новелласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыс әкімдіктері мен мәслихаттарының өкілдері үшін бірқатар семинарлар жүргізілді.
Семинарлар қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін де ұйымдастырылатын болады.
Қоғамдық бақылау дегеніміз не?
Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың немесе коммерциялық емес органның, министрліктердің, әкімдіктер мен мәслихаттардың, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің және т. б. қызметін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын шара.
Қоғамдық бақылауды қай жерлерде жүзеге асыруға болады?
«Қоғамдық бақылау туралы» заңға сәйкес қоғамдық бақылау объектілері:
атқарушы мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарына министрліктер, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы және өкілді органдар (әкімдіктер мен мәслихаттар) кіреді.
Қоғамдық бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Агенттіктер, сондай-ақ «Қоғамдық бақылау туралы» заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік органдар кірмейтінін есте ұстаған жөн.
мемлекеттік органдарға кірмейтін мемлекеттік мекемелерге білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, мектепке дейінгі ұйымдар, дене шынықтыру сауықтыру мекемелері мен мәдениет мекемелері, яғни өз қызметін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ететін мекемелер жатады.
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес өзге де заңды тұлғалар.
Ұлттық басқарушы холдингтерде қоғамдық бақылау мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген бөлігінде жүзеге асырылады.
дербес білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңда айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым.
Оларға өңірлердегі Назарбаев Зияткерлік мектептері, сондай-ақ Назарбаев Университеті жатады.
орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыл ұйымдар – мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік функцияларды орындау жүктелген коммерциялық емес ұйымдар.
Мысалы, арнайы әлеуметтік қызметтер, ЖШС (автомобильдерді техникалық байқау орталықтары және т.б.).
Қоғамдық бақылауды кімдер жүргізе алады?
Қоғамдық бақылаудың негізгі субъектілері заңмен анықталған, олар:
ҚР азаматтары – жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар, сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар, он сегіз жасқа толмаған адамдар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикасының, мінез-құлқының бұзылуына (ауруына), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты есепте тұрған адамдар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, экстремистік және террористік қылмыстар жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар.
діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстанда тіркелген коммерциялық емес ұйымдар.
Шетелдік қатысуы бар коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ қызметі тоқтатылған не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық бақылауға қатыса алмайтынын ескеру маңызды.
қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығы немесе өкілеттігі берілген өзге де субъектілер.
Оларға Қоғамдық кеңестердің мүшелері, Ұлттық алдын алу тетігі, Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері және басқалар жатады.
Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық бақылауды жүргізуі туралы қоғамдық бақылау объектілерін ақпараттандыру қалай жүзеге асырылады?
Қоғамдық бақылау субъектілері қоғамдық бақылау объектісін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру туралы хабардар етуге міндетті (Заңның 7-бабы 2-тармағының 3-тармашасы) және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқығы бар (Заңның 7-бабының 1-тармағы, 3-тармақшысы).
Қоғамдық талқылау ұйымдастырылған жағдайда – өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күн бұрын БАҚ-та қоғамдық талқылаудың күні, уақыты, орны мен нысаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ қоғамдық талқылау нысанасына қатысты ақпаратты орналастырады.
Ақпараттандыру және сұрау салу азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің Е-Өтініш бірыңғай платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық бақылау объектілері ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес өз қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Ең жиі қойылатын басқа да сұрақтар мен жауаптарды осы жерден оқи аласыз.