$ 521.9  593.5  6.39

Ақтауда үлескерлер қаржы салған 6 үйдің құрылысы бітпей тұр – Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент аймақтағы су құбыры мен кәріз желісінің тозуын аса күрделі мәселе деп атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

– Сарапшылар таза судың тағы бір көзі бар дейді. Бұл – Ақтөбе облысындағы Көкжиде жерасты сулары. Оны игеруге қатысты жобаны жан-жақты пысықтап, оның экономикалық тиімділігін зерттеу қажет. Сарапшылар Көкжиде, Айшуақ және Солтүстік Айшуақ жерасты суларынан Маңғыстау және Атырау облыстарының елді мекендеріне дейін су құбырын тартуды ұсынып отыр. Су құбырының ұзындығы шамамен 1400 шақырым болады, су өткізу мүмкіндігі – күніне 170 мың текше метр. Сол арқылы 1,2 миллион адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге және оның көлемін арттыруға мүмкіндік туады. Ақтау қаласындағы су құбыры желісі әбден тозған, тозу көрсеткіші – 77 пайыз. Соның кесірінен судың 16 пайызы ысырап болып жатыр. Жалпы, аймақтағы су құбыры мен кәріз желісінің тозуы аса күрделі мәселе болып тұр.  

Мәселен, су құбыры Ақтауда жаңа айттым, 77 пайыз, Жаңаөзенде – 59 пайыз тозған. Кәріз желісі Ақтауда шамамен – 76 пайыз, Жаңаөзенде – 72 пайыз тозған. Бір сөзбен, нақты шаралар қолға алынуы керек. Ал шалғайда тұратын малшылардың өз бетімен құдық қазу туралы бастамасына келсек, бұл – жалпы құптарлық іс. Бұл жұмысқа 100 миллион теңге қажет деп отыр. Кемінде 50 малшы суға қол жеткізеді екен. Қолдауға болады деп ойлаймын. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев әкіммен бірлесіп бұл мәселені пысықтауы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды.

– Екінші. Қазір Ақтауға жылуды "МАЭК" компаниясы береді. Бірақ облыс орталығы тез өсіп жатыр. Қаланы жылумен толық қамтамасыз етуге кәсіпорынның қуаты жетпейді. Былтыр Ақтауда ұзындығы 12 шақырым болатын жылу желісі салынып, жаңғыртылды. Нәтижесінде қалаға жылудың дұрыс жетуіне мүмкіндік туды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Былтыр облыста 846 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – жоспардан 20 пайызға артық. Дегенмен облыстағы тұрғын үй қорының 7 пайызы әбден ескірген. 

Көп пәтерлі 177 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне айрықша назар аудару керек. Маған түскен ақпарат бойынша Ақтауда үлескерлер қаржы салған 6 үйдің құрылысы бітпей тұр. Орынсыз, яғни бей-берекет салынған құрылыс нысандары да бар. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет әкімдікпен бірге нақты шаралар қабылдауы керек, - деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары