23.08.2025, 16:30

Тоқаев Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.