22.01.2026, 22:30

Давоста өткен кеңестің қол қою рәсімінде Тоқаев пен Трамптың не туралы сөйлескені белгілі болды

Фото: Ақорда

Бұл қысқа әңгімеге қатысты БАҚ өкілдерінен біраз сұрақ түскен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Давостағы рәсім кезінде Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бұл қысқа әңгімеге қатысты БАҚ өкілдерінен біраз сұрақ түскен.

«Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды», - деп жазған Руслан Желдібай ресми аккаунтында.

Бұдан бөлек, Желдібай атап өткенше, Тоқаев Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тілеген. Бұдан өзге, Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.