12.03.2026, 23:30

«Иран Ормуз бұғазын ашпайды»: жаңа Жоғарғы көшбасшы халыққа алғаш рет үндеу жасады

Фото: АР

Иран қарсы тұруды жалғастыратынын айтып, халықты ұлттық бірлікке шақырды.

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи тағайындалғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесінде Ормуз бұғазы жабық күйінде қалатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол сондай-ақ аймақтағы барлық америкалық әскери базалар дереу жабылуы тиіс екенін, әйтпесе оларға шабуыл жасалатынын мәлімдеді. Иранның Жоғарғы көшбасшысы Ислам Республикасы АҚШ базаларына қарсы шабуылдарын жалғастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, Иран қарсы тұруды жалғастыратынын айтып, халықты ұлттық бірлікке шақырды.

Жоғарғы көшбасшы Иран аймақта үстемдік пен отаршылдықтың орнауын қаламайтынын, барлық көрші елдермен бірлікке және жылы, шынайы қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Fars агенттігі. Моджтаба Хаменеи сондай-ақ Иранға жасалған шабуылдар үшін өтемақы талап етілетінін қосты.