15.04.2026, 23:30

Сәтсіздіктен көз ашпаған Асу Алмабаев октагонға оралады

Фото: arena.olimpbet

27 маусым күні Әзербайжан астанасы Бакуде UFC Fight Night 280 турнирі өтеді. Бұл жекпе-жек кеші қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше қызық болмақ ,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кештің басты кардында Қазақстанның ең жеңіл салмақтағы өкілі, UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған 32 жастағы Асу Алмабаев өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – рейтингтің 13-сатысындағы 35 жастағы америкалық Чарльз Джонсон. Айта кетейік, Джонсон бұған дейін UFC-де қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмды жеңген тәжірибелі файтер ретінде танымал.

Сондай-ақ, бұл турнирде тағы бір қазақстандық спортшы – 28 жастағы Бекзат Алмахан да октагонға шығады. Ол жеңіл салмақта бразилиялық 26 жастағы Жан Мацумотомен кездеседі. Екі спортшы да соңғы жекпе-жектерінде жеңіліс тапқандықтан, алдағы айқас олардың UFC-дегі болашағы үшін шешуші болуы мүмкін.

Айта кетейік, Алмабаев 1 наурызда Мехикода өтетін UFC турнирінде бұрынғы екі дүркін чемпион Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда дайындық барысындағы спарринг кезінде қолын сындырып алып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

Алмабаев бұған дейін октагонға 2025 жылдың 2 қарашасында Дохада өткен UFC турнирінде өтті. Ол америкалық Алекс Пересті үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, кезекті маңызды жеңісіне қол жеткізді.