03.11.2026, 20:30

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Фото: Ақорда

Сонымен қатар осыған дейін Көлік министрлігін басқарған Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әсел Жанасова Үкімет құрамындағы жаңа қызметке тағайындалды. Бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған ол енді Премьер-министрдің орынбасары әрі Көлік министрі қызметін атқарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар осыған дейін Көлік министрлігін басқарған Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды.

Әсел Жанасова Кембридж университетінде білім алған. 2020-2022 жылдары Сауда вице-министрі қызметін атқарған. Оған дейін Ұлттық банкте, «Астана» халықаралық қаржы орталығында және «Зерде» холдингінде жұмыс істеген.

2022-2025 жылдары «Қазпошта» басқарма төрағасы болды. Ал 2025 жылдың желтоқсанында Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Сондай-ақ Әсел Жанасова Forbes Woman Kazakhstan журналының 2026 жылғы Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер рейтингінде 19-орынға жайғасқан.

Ол қазіргі Үкімет құрамындағы үшінші әйел министр атанды. Бұған дейін бұл қызметтерді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова атқарып келген.

Айта кетейік, бұған дейін Көлік министрлігін Нұрлан Сауранбаев басқарған. 2025 жылғы 8 маусымда Марат Қарабаев қызметінен босатылғаннан кейін ведомство басшысы лауазымы үш аптадан астам уақыт бос тұрды. Тек 30 маусымда ғана бұл қызметке Нұрлан Сауранбаев тағайындалған еді.