$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

✍️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
  

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 
 
✍️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
 
🔹Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.
 
🔹Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
 
🔹Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.
 
🔹Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Ақорда