$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мен Македония басшылары сауда-экономика саласының басымдығын атап өтті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.

«Екі мемлекеттің басшылары сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың басымдығы бар жайттарын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар бірқатар перспективалық бағыттардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары