$ 443.37  474.49  4.83

Армения парламенті халық көтерілісіне қарамастан Серж Сарксянды премьер-министр етіп сайлап алды

Армения ұлттық жиналысы (парламент) елдің бұрынғы президенті, Республикалық партияның лидері Серж Саргсянды премьер-министр етіп тағайындады. 76 депутат Саргсянның кандидатурасын қолдаса, 17 депутат қарсы шыққан. Заң бойынша премьер-министрлікке тағайындалу үшін 53 дауыс қажет.

14 сәуірден бері Арменияда экс-президент Серж Саргсяннің кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынуға қарсы акциялар өтіп жатыр. Ереванда демонстранттар белсенділерді полиция ұстап әкетіп жатқанына қарамастан акцияны тоқтатпақ емес. Азаттықтың Армян редакциясының хабарлауынша, Ереванда соңғы мәлімет бойынша, полиция 59 адамды ұстап әкеткен.

Акцияға қатысушылар Саргсянді "билікті басып алды" деп айыптайды. Саргсян 2007-2008 жылдары Армения президенті, одан кейінгі 10 жылда президент болған. Биыл аяқталған конституциялық реформадан соң Армения парламенттік басқару формасына өткен. Енді елді іс жүзінде премьер-министр басқармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары