$ 498.34  519.72  4.85

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық шығарды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Жарлық бойынша, премьер-министр, вице-премьерлер мен үкімет мүшелері жаңа үкімет құрылғанша қызметін атқарады.

19 сәуірде Жогорку Кенеш депутаттары үкіметке сенімсіздік білдіруді қолдап дауыс берген.

Бұған дейін оппозициялық үш фракция - "Республика - Ата Журт", "Ата Мекен" және Онугуу-Прогресс" премьер-министр Сапар Исаков үкіметінің 2017 жылды қорытындылаған есебіне қанағаттанбайтынын мәлімдеген. Мұның алдында парламентте көпшілік орынға ие Социал-демократиялық партиясы (СДП) мен "Қырғызстан" фракциясының депутаттары үкімет есебін "қанағаттанарлық" деп бағалаған.

Сапар Исаковтің үкіметі 2017 жылы 26 тамызда қызметіне кіріскен. Ол үкімет құрамын парламенттегі көпшілік коалициясына кіретін СДП, "Қырғызстан" және "Бир бол" фракциялары ұсынған. Сапар Исаковқа дейін Қырғызстан үкіметін қазіргі президент Сооронбай Жээнбеков басқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары