22.06.2015, 18:00

Журналистке артылар жауапкершілік зор

Фото: otyrar.kz

Сейсенбі күні Шымкенттегі «Rіxos» қонақүйінде «Бес институттық реформа. 100 нақты қадам: Ақпараттық қамту және ілгерілету» тақырыбында аймақтық журналистер форумы өтті. Оған Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан және өңіріміздегі аудан, қалалардағы газет-телеарналардың редакторлары, журналистері қатысты. Форумның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр 100 нақты қадам жоспары мемлекетіміздің жарқын болашағының баспалдағы екенін, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін журналистер қауымының да белсенділігі қажет екенін атап өтті.

 

— Үш миллионға жуық тұрғын мекендейтін Оңтүстік Қазақстанда жалпы 236 бұқаралық ақпарат құралы бар. Олардың 175-і газет болса, 37 журнал мен 12 телеарна, үш радио және тоғыз интернет-ресурс халыққа ақпарат таратуда. БАҚ өкілдерін Елбасы айтқандай, бір ұлт болып ұйысуға, ілгерілеуге, Ұлт жоспары мақсатында атқарылған шараларға белсене қатысып, ақпаратпен қамтуға шақырамыз, — деді Е.Садыр.

«Ақпа­рат­тық қам­ту және ілгеріле­ту», «Мәңгілік Ел қазақстан­дық біртектілік» тақырып­та­рын­дағы пікір ал­ма­су­лар­ды об­лы­с­тық ішкі сая­сат және дін істері басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Берік Құрманғали жүргізіп отыр­ды. Алғашқылар­дың бірі бо­лып сөз алған ре­с­пуб­ли­ка­лық «Айқын» га­зетінің бас ре­дак­то­ры Нұртөре Жүсіп: «Ел­ба­сы ұсынған бағдар­ла­ма­ны «Еге­мен Қазақстан» га­зеті 5 ин­сти­тут­тық ре­фор­ма деп жаз­ды. Меніңше, бар­лық ба­сы­лым­дар, ақпа­рат құрал­да­ры осы­лай жазғаны дұрыс. Мұндай бағдар­ла­ма­лар­ды ха­лыққа түсіндіру үшін ал­ды­мен өзіміз оның ата­у­ын бірізге түсіріп алғаны­мыз жөн. Мем­ле­кет та­ра­пы­нан қолға алынған ба­с­та­ма­лар­ды ел­ге жеткізу­де, на­си­хат­та­у­да қазақ тілді ба­сы­лым­дар қам­шы сал­дырған емес» деді.

Ха­лықара­лық «Түркістан» га­­зетінің бас ре­дак­то­ры Шәмшид­дин Пәттеев елімізде ба­с­пасөздің рөлі жоғары бо­лып қала бе­ретініне тоқтал­са, «Қазақстан» РТРК Жам­был об­лы­с­тық фи­ли­а­лы­ның ди­рек­то­ры Мей­рам­бек Төлеп­бер­ген елімізде шығатын бар­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да қазақ мүддесі бірінші орын­да тұру ке­ректігін айт­ты.

— Қазақ тіліндегі ақпа­рат құрал­да­ры өзге эт­нос өкілдерінің салт-дәстүрі мен мәде­ни­етіне, тіліне, олар­дың кәсіпкерлікпен ай­на­лы­су­ы­на мән беріп, үнемі ақпа­рат­тық қол­дау көрсетіп ке­леді. Ендігі ке­зек­те олар да өзі тұрып жатқан мем­ле­кеттің мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан­дық біртектілік иде­я­сын жүзе­ге асы­ру үшін отан­да­с­та­ры­мыз­дың бәрі қазақ тілін меңге­руі қажет. «Мәңгілік Ел» иде­я­сын жүзе­ге асы­ру­да еліміздегі ақпа­рат құрал­да­ры­ның бәрі қазақ­тық мүдде­ге кіндік бай­ла­май іс оңбай­ды. Бұл фо­рум­ның Қазақстан­дағы ең га­зеті мен те­ле­ар­на­сы көп қала Шым­кент­те өтіп жатқанын­да үлкен мән бар. Жур­на­ли­с­ти­каға, мем­ле­кеттік са­я­сат­ты жүргізу­ге қаты­с­ты ой­лар осын­дай жи­ын­дар­да ай­ты­ла­ды, — деді ол.

«Ара.kz» жур­на­лы­ның бас ре­дак­то­ры, Қазақстан Жа­зу­шы­лар одағы са­ти­ра кеңесінің төрағасы К.Әмірбек 100 нақты қадам­да сы­бай­лас жем­қор­лықпен күрес, мем­ле­кеттік қыз­­мет­кер­лер мәсе­лесі орын­ды қозғал­ғанын сөз етті. Заң бұзған ше­не­уніктерді фе­ль­е­тон жа­н­ры арқылы, өзге де жол­дар арқылы әшке­ре­леп оты­ру қажеттігін айт­ты. Фо­рум­да Жам­был об­лы­с­тық «Ақ жол» га­зе­тінің ди­рек­тор-бас ре­дак­то­ры   К.Сәт­­­ті­байұлы, «Қазақстан-2050» Жал­пы ұлттық қозғалы­сы­ның ме­­диа ди­рек­то­ры Қ.Әуе­с­байұлы, ҚР Ин­­вес­­ти­­ци­я­лар және да­му ми­­нис­трлігі, Бай­ла­ныс, ақпа­рат­тан­ды­ру және ақпа­рат ко­ми­тетінің эле­к­трон­ды БАҚ бай­ла­ны­с­тың бас са­рап­шы­сы М.Құма­ро­ва, «Қазақстан-Шым­кент» телеарнасының директоры У.Қы­дыр, «Еге­мен Қазақстан» га­­зетінің Қызы­лор­да және Оңтүстік Қазақстан об­лы­с­та­рын­дағы меншікті тілшілері Е.Бай­тілес пен Б.Тай­жан, «Оңтүстік Қазақ­стан» га­зетінің ди­рек­тор-бас ре­дак­то­ры А.Ба­ла­жан және басқа да қарым­ды қалам­гер­лер өз ой­ла­рын ор­таға сал­ды.

Сон­дай-ақ, стра­те­ги­я­лық зерт­теу­лер ин­сти­ту­ты­ның са­рап­шы­сы Ж.Түсіпбекұлы, «Серпін» ақпа­рат­тық пор­та­лы­ның ре­дак­то­ры А.Құр­метұлы, «Ай­наІіne.kz» сай­ты­ның бас ре­дак­то­ры Е.Ос­пан, ҚР Жур­на­ли­с­тер одағы ОҚО фи­ли­а­лы­ның төрай­ы­мы А.Қап­ба­ро­ва, Қа­зақстан Жа­зу­шы­лар одағы бас­қар­ма­сы­ның про­за бөлімінің кеңесшісі, аға ре­фе­рент, жа­зу­шы Б.Са­ры­бай және өзге қаты­су­шы­лар мем­ле­кеттік са­я­сат­ты жүргізу­дегі ин­тер­нет-ба­сы­лым­дар­дың рөліне, әле­у­меттік желілердің қуат­ты күш екеніне тоқтал­ды. Спи­кер­лер рей­тинг қуа­лап, ар­зан сен­са­цияға құмар бо­лудың, тіл та­за­лығын сақта­маудың түбінде абырой әпер­мей­тінін ше­ге­леп айт­ты. Кейбір бло­гер­лер та­ра­пы­нан болған жур­на­ли­с­терді мысқыл­дау әре­кетін Е.Ос­пан «Тиімді по­зи­ци­я­да тұрып алып, қар­сы­ла­с­ты соққылау. Бұл ішкі мәде­ни­еттің төмендігі» деп бағала­ды.

Фо­рум­ды қоры­тын­ды­лаған об­­лы­с­тық ішкі са­я­сат және дін істері басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Б.Құр­манғали: «Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның бес ин­сти­тут­тық ре­фор­ма­сын жүзе­ге асы­ру­дың 100 нақты қада­мы­ның 90-қада­мын­да БАҚ-та, ин­тер­нет­те, сон­дай-ақ, әле­у­меттік желілер­де қазақстан­дық біртектілік иде­я­ла­рын жүзе­ге асы­ру­ды ақпа­рат­тық қам­ту және ілгеріле­ту ту­ра­лы тап­сыр­ма бар. Осы мақсат­та жергілікті билік пен БАҚ ара­сын­дағы бай­ла­ны­с­ты одан әрі нығай­ту үшін «Оңтүстік» ақпа­рат ор­та­лығы жұмы­сын ба­с­тап кетті. Бүгінгі фо­рум­да ай­тылған мәсе­ле­лер хат­та­маға енгізіліп, жұ­мыс жүргізіледі» деді.

Ай­мақтық деп ай­тылғаны­мен, ре­с­пуб­ли­ка­лық деңгей­ге көтерілген фо­румға қаты­су­шы­лар мұндай бас­қосу­дың Ас­та­на мен Ал­ма­ты­дан бұрын Шым­кент­те өтуі қуа­нар­лық іс екенін ба­са айт­ты. Әрбір жур­на­лист га­зет­те, те­ле­ар­на­да не­ме­се интер­нет пор­тал­да­рын­да істейміз деп бөлінбей, қазақ халқының мүддесін биік ұстап, Мәңгілік Ел иде­я­сын жүзе­ге асы­ру жо­лын­да бірлесіп еңбек етуі тиіс де­ген пікірге тоқтал­ды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов Шымкентте өткен аймақтық журналистер фо­­румына қатысқан республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдады.

Журналистер форумда «Бес институттық реформа. 100 нақты қадам: Ақпараттық қамту және ілгерілету» тақырыбын талқыға сал­ды.

Кездесу барысында өңір бас­шысы Елбасы жүктеген міндеттерді іске асыру бағытында облыста ар­найы іс-шаралар әзірленгенін хабарлап, жоспарланған шаралар аясында жүйелі жұмыс жүргі­зіле­тінін мәлім­деді. Сондай-ақ, жергі­лікті билік пен БАҚ арасындағы байланысты нығайту, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақ­сатында «Оң­түстік» ақпарат орта­лығы құ­рылғанын жеткізді.

Халықаралық «Түркістан» газе­тінің бас редакторы Шәмшиддин Пәттеев форумда айтылған құнды ой-пікірлерді кеңінен баяндаса, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы айқындап берген реформаларды БАҚ-та тиімді насихаттау жайының ұлтымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік өңірінен басталғанына алғысын білдірді.

Кездесу кезінде қонақтар облыс орталығының сәулеттік келбетінің артқанына ерекше тоқталып, форум жұмысының өрісті әрі БАҚ үшін жемісті болғанын атап өтті.