Ресей жоғарғы соты президент Владимир Путиннің бейбіт уақытта әскери шығындарды құпияландыру туралы жарлығының үстінен түскен шағымды қабылдады, деп жазады Азаттық тілшісі.
Жоғарғы сот бұл шағымды 13 тамыз күні қарайды.
Бұдан алдын жоғарғы сотқа бір топ азамат шағыммен қайрылған. Олар президент жарлығының мақсаты Ресейдің Украина шығысындағы әскери шығын ізін жасыру деп есептейді. Арыз берушілер құжат мемлекеттік құпиялар туралы заңға қайшы және адамдардың ақпарат іздеу және таратуына кедергі келтіреді, қайтыс болған орыс солдаттары туралы зерттеумен айналысатын журналистерді әкімшілік жазаға тартуы мүмкін дейді.
Ресей билігі Путин жарлығының Украинаға ешқандай қатысы жоғын айтады. Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жарлық Ресейдің мемлекеттік құпия жөніндегі заңнамаларын жетілдіруге арналған деп мәлімдеген.