#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Владимир Путин зейнет жасын ұлғайту реформасына қарсы екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин зейнет жасын ұлғайту реформасы өзіне ұнамайтынын мәлімдеді. Айта кетсек, Ресей үкіметі әйелдер мен ерлердің зейнет жасын бірнеше жылға ұлғайтуды жоспарлаған болатын.

«Зейнет жасын ұлғайтудың қай тәсілі сізге ұнайды деп менен сұраса, мен ешқайсысы деп жауап беремін. Бұрын да солай айтатынмын, қазір де. Зейнет жасын ұлғайтудың ешқандай тәсілі маған ұнамайды. Үкіметте де бұл реформаны жақтырып отырғандар шамалы, маған сеніңіздер», — деді Путин.

Мемлекет басшысы дәл бұл реформаға қатысты әлі нақты шешім қабылданбағанын айтып, халықты сабырға шақырды. Оның айтуынша, зейнетақы туралы заңға әлі 10 жыл бойы өзгеріс енгізбесе де болады екен, өйткені, елдегі зейнеткерлерге беретін қаражат жеткілікті. Путин аталған реформаны жүзеге асыруға құлшынып жүргендердің пікірін тыңдап көруге де уәде берді.

Президент сондай-ақ, зейнетақы жүйесінде көптеген проблеманың бар екенін де жасырған жоқ. Егер оларға көз жұма қарасақ өзімізді де, халықты да алдаған боламыз дейді ол.

Айта кетейік, зейнет жасын ұлғайту реформасын биыл маусым айында премьер-министр Дмитрий Медведев халыққа таныстырған болатын. Содан бері ел арасында наразылықтар көбейген. Заң жобасына сәйкес, ерлердің зейнет жасы 60-тан 65-ке, әйелдердікі 55-тен 63-ке дейін ұлғаймақ. Бұл реформа кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Десе де, ресейліктердің басым көпшілігі аталған заңның жүзеге асуына түбегейлі қарсылықтарын білдіріп отыр.

Еске салсақ, Қазақстанда да осыдан бірер жыл бұрын зейнет жасы ұлғайтылған болатын. Бұған дейін 57 жасында зейнетке шығып келген әйелдер енді ерлермен бірге 63 жасқа дейін жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары