$ 494.87  520.65  4.91

Литвада Қазақстанның елшісі спирттік ішімдік ішіп, көлік айдаған

Литвадағы Қазақстан елшілігінде жұмыс істейтін дипломат көлікті мас күйде жүргізіп полицияға ұсталды деп хабарлайды жергілікті "Обзор" ақпарттық агенттігі.

БАҚ тілшілерінің хабарлауынша, Қазақстан елшілігінің қызметкерін жол полицейлері кешегі түні ұстапты. Ол Toyota Avensis автокөлігінің тізгінінде болған. Қанны тексеру барысында 1,40 промилле алкоголь анықталған.

Литва елінің заңына сәйкес, қазақстандық дипломат енді 300-450 еуро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі болса аталған елшінің ісімен тәртіп жөніндегі уәкіл айналысып жатқанын мәлімдеді. Егер оның спирттік ішімдік ішіп көлік айдағаны расталса елге қайтарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары