$ 447.4  477.55  4.76

«Отанға қызмет ету - парыз» атты мемлекеттік қызметшілер арасында форум өтті

28 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «КЕМЕЛ» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде Мемлекет басшысымен ұсынылған «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» іске асыру мақсатында «Отанға қызмет ету - парыз» тақырыбында форум өткізілді.

Форумның негізгі мақсаты - қоғамның жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін Елбасымыздың жоспарларын түсіндіру және еліміздің әрі қарай қарыштап дамуына қызмет етуі болып табылады.

Іс-шараға Департамент қызметкерлері, аудан қала әкімдіктерінің қызметкерлері, аудан қала маслихаттарының өкілдері, сондай-ақ ОҚО бойынша түрлі облыстық басқармалардың және аумақтық департаменттердің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Форумда алғашқы сөз Департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы Б.Бекжановқа берілді. 

Б. Бекжанов қатысушыларды мемлекеттің басты Заңы – Конституция күнімен құттықтады. Конституция ол адаммен азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған құжат екенін айтты. Мемлекеттік аппарат институттарының қызметін, қоғамның еркін дамуына жағдай жасайтындығын және әрбір жанұяда құқық бұзушылықпен тәртіпсіздіктің алдын алуды реттейтіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Садыр «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесімен құттықтады. Шешен – ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Х. Бациев Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдық мерекесімен құттықтап, «Қазақстан – 2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Мәңгілік ел» Қазақстан халқы Ассамблеясының әрі қарай өсіп-өркендеуіне, дамуына өз септігін тигізетінін атап өтті. 

Іс-шараның пленарлық бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары, департаменттің баспасөз хатшысы, ОҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары баяндама оқыды. Сондай-ақ, баяндамашылар Ұлт жоспарын іске асыру бағыты бойынша қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берілді.

Форумның пленарлық бөлімінің соңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. 

Салтанатты жиын жалғасы ОҚО аудан, қала әкімдіктері арасында ең үздік «Портфолио» сайысының жеңімпазын құттықтау рәсіміне ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары