14.09.2015, 06:04

Назарбаев Тәжікстан астанасы Душанбеге барды

Елбасының Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мемлекет басшысы Душанбе қаласына барды. Сапар барысында Тәжікстан Президенті Э.Рахмонмен кездесу және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысу жоспарланған» - делінген ресми хабарламада.