$ 444.22  476.38  4.82

Путин: АҚШ-тың сынын түсіне алмаймын

Ресейдің Сириядағы халықаралық лаңкестікпен күрестегі іс-қимылын АҚШ-тың сын тезіне алуын түсіне алмаймын.

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында РФ Президенті Владимир Путин осылай деді.

«Мен біздердің, ресейлік әріптестеріміздің Ресейдің Сириядағы халықаралық лаңкестікпен күрестегі іс-қимылын сын тезіне алуын жете түсіне алмаймын. Өйткені, олар тікелей сұхбаттастықтан, саяси реттеу сынды маңызды бағыттан бас тартып отыр. Бұл ұстаным сындарлы емес деп санаймын. Бұл жағдайда американдық ұстанымның әлсіз болуының негізі аталған мәселеде қандай да бір күн тәртібінің болмауында жатқан сияқты», - деді В.Путин ресейлік тілшілердің аталған мәселеге қатысты сауалына орай.

Сонымен қатар Ресей Президенті  аталған күрделі процеске қатысушылардың барлығымен, оның ішінде американдық та әріптестермен сындарлы сұхбаттастыққа үміт артатындығын баса атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары