$ 448.15  483.46  4.86

Шымкент қаласының әкімі 1 мамыр мерекесімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірілігі мерекесіне орай Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына құттықтауын жолдады.

«Құрметті шымкенттіктер! Қадірлі қала қонақтары! Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы пен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық саналады. 
Біртұтас Қазақстан халқы Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатын жүзеге асыруда. Біз – қазақстандықтар, рухани жаңғыру жолында, жүйелі даму бағытында экономикалық, саяси даму мақсатында аянбай еңбек етуге тиіспіз. Қазақ елі қазіргі таңда өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекетке айналған. 
Біз – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған қуатты елміз. Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті. 
Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеміз. Бүгінде мәдениеті мен салты сақталған бірлік шаңырағында ұйысқан ұлттық мәдени орталықтар достықтың дәлелі болып отыр.
 Құрметті жерлестер!
 Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!»-деді Ғабидолла Әбдірахымов өз құттықтауында.
 «SN» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары