$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте өткен «Nur Otan» партиясының фракция отырысында Президент жүктеген тапсырмаларды орындау жайы сөз болды

Бүгін Шымкент қаласының мәслихатында «Nur Otan» партиясының фракция отырысы өтті. Оған Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан тапсырмаларын орындау жайын сөз етті.

Мәжіліске төрағалық еткен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов 2019 жылдың 12 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен ұлықтау рәсімінде ел Президенті он негізгі бағытты белгілегенін айтты. Енді тапсырманы жүзеге асыруға дереу кірісу қажет. Осы мақсатта  Еркін Сатқанбаев он бағыт бойынша жұмыс жоспарын түсіндіріп өтті.

Еркін Сатқанбаев – Шымкент қалалық мәслихатының  депутаты: «Ең алдымен өсім бізге не үшін қажет дегенді түсіндіріп өтейін. Азаматтарымыз  өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістігіне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикаға өсім болуы тиісті дүние. Еліміздің экономикалық дамуына арнаған нақты міндеттерді алға қойып, орындалуына бір кісідей атсалысайық».   

Бүгінгі қаралып отырған мәселелердің маңызы зор. Ол елдің экономикасын арттыруға, ішкі, сыртқы саясаттың дамуына тікелей әсер етеді. Соның ішінде, «халықтың табысын арттыру бойынша тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады»,- дейді депутаттар. Мәжіліс соңында он нақты тапсырманы Шымкент қаласында жүзеге асыруға депуттар түгел қатысып, қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізу жөнінде қаулы қабылданды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары