Сонымен, бұл жауапты лауазымға «Nur Otan» партиясы фракциясының атынан Айгүл Қапбарова, облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің директоры – бас редакторы Алишер Сатывалдиев, сондай-ақ, №45 мектеп-гимназиясының директоры Рамиля Искандерова өз кандидатурасын ұсынған болатын. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарының алдында кандидаттардың сенімді өкілдері сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Айта кетейік, аталған үш кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары 23 маусым күні аяқталады. Ал, сайлау 24 маусым күндіз сағат 10-00 де Түркістан сарайында өтеді. Ал, сайлау құқығы тек Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарында бар екенін айта кеткен жөн.
Ерлан Айтбаев – ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Айгүл Қапбарованың сенімді өкілі: «Айгүл Қапбарова еңбек жолын 1997 жылы облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Бүгінде «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді»-деді.
«SN.kz» - ақпарат»