$ 494.87  520.65  4.91

Тағы да Назарбаевтың суреті: оны алып тастау үшін Қорғаныс министрлігі ақша аудармаған

«Қорғаныс министрлігінен қаражат күтіп отырмыз. Қаражат бөлінсе қазіргі суретті алып тастаймыз. Жалпы, бұл мәселе – Қорғаныс минситрлігінің құзыретінде».

Алматы облысы үшін экс-президент әлі де жоғарғы бас қолбасшы сияқты көрінеді. Талдықорғандағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде кеудесі орден мен медальдарға толы, генерал формасындағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Жас Алашқа» сілтеме жасап.

Департамент басшылығы Нұрсұлтан Әбішұлының суретін алып тастау туралы өтінішті Қорғаныс министрілігіне жолдағандарын айтады. Қазір ескі жазу мен суретті ауыстыруға бөлінетін қаражатты күтіп отыр екен.

«Қорғаныс министрлігінен қаражат күтіп отырмыз. Қаражат бөлінсе қазіргі суретті алып тастаймыз. Жалпы, бұл мәселе – Қорғаныс минситрлігінің құзыретінде. Бізде ондай жағдайларға қарастырылған қаражат жоқ. Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев екенін бәріміз білеміз. Ол Конституцияда көрсетілген», – дейді Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Сейілжан Бекмұратов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Назарбаевтың суреті ілінген билборд туралы жазған болатынбыз. Аталған билбордта «ҚР президенті Н. Назарбаев» деп жазылған. Ал Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының жетекшісі «біз ғимараттардың ішінде тұрған суреттерге жауап бермейміз» деп қысқа қайырған-ды. Бірақ, аздаған уақыттан кейін билбортды алып тастады.

Енді Алматы облысы қайтер екен?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары