$ 494.87  520.65  4.91

Абайдың қара сөзін бейнеролик ете салған: БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылованың бұл қылығын қалай түсінеміз? (ВИДЕО)

Әріпті жаңадан үйреніп жүрген бастауыш сынып оқушысы болса, бұлай деп сөз шығындамас едік, ал енді жауапты лауазым иесінің мына тірлігін түсіне алмай, дал болып отырмыз.

Бүгінде ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, бір-біріне эстафета жолдап жатқан жұрт қатары қисапсыз. Тіпті, санынан жаңылысасың. Шет ел жұлдыздары да бұл челленджге өздерінше үлес қосып жатыр.

Алайда, таяуда осы эстафетаны өзгеше жолдаған бір адамды көрдік. Анау-мынау емес, ірі шенеунік. Білім және ғылым министрінің білдей бір орынбасары Бибігүл Асылова. Ол не істеді дейсіз ғой?

Фейсбук парақшасына жазған мәтінінде ол былай депті: «Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқу, туындыларының үзінділерін талдау эстафетасын Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Дәулетхан Жиенқұловтан зор ықыласпен қабылдап, еліміздің барлық қаржыгерлеріне жолдаймын. #Abai175».

Бибігүл ханым Абайдың шығармасын оқуға тілі келмеді ме, әлде, басқа да себептері бар ма, кім білсін, әйтеуір, қара сөзін оқып берудің орнына (жаттап айтсын демей-ақ та қояйық), мәтін түрінде жолдай салыпты. «Сендерге осы да жарайды» десе, ол жағын өзі біледі.

Данышпан ақынды өзіміз түгілі, өзгелер көкке көтеріп жатқанда, білім саласының жауапты шенеунігі мазақ қылғандай, Абайдың қара сөзін көшіріп алып, бейнероликке орналастыра салған.

Әріпті жаңадан үйреніп жүрген бастауыш сынып оқушысы болса, бұлай деп сөз шығындамас едік, ал енді жауапты лауазым иесінің мына тірлігін түсіне алмай, дал болып отырмыз.

Әлде, Бибігүл ханым өзін Абайдан зор санап, менсінбей отыр ма?

Біз шенеуніктің түпкі ойын білмедік, сол себепті, бұнысын басқаша айта алмай отырмыз.

Ал сіз не дейсіз, оқырман?

Ғани АТЫМТАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары